Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық олигарх Данияр Әбілғазиннің Грекиядағы орман өртіне қатысы бар деген ақпарат тарады

Грекияда отшашу жасап, салдарынан орман өрті болған қазақстандық туристердің арасында елімізде Forbes тізімінде 21-тұрған Данияр Әбілғазинның бар екені туралы ақпарат пайда болды. Деректерге сай, отшашу шыққан яхта соның атына жалданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Primeminister.kz

Қазақстанның құқық қорғау органдарымен байланысты "Чемодан госсекретов" Telegram арнасының мәліметінше, отшашу ұшырылған яхтаны Әбілғазин жалға алған. Бұл ақпарат әлі ресми расталмалды. Грекияның Ішкі істер министрлігі де, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де әлі болған жағдайға пікір білдірмеді.

Данияр Әбілғазин еліміздегі Forbes тізімінде 380 миллион доллар байлығымен 21-орында тұр. Олигархтың отбасы "Sinooil" ЖШС (Sinooil ЖМҚС желісі), "PetroRetail" ЖШС (QAZAQOIL ЖМҚС желісі) және "Petroleum" ЖШС, "Dostyk Gas Terminal" ЖШС, "Standart Petroleum& Co" ЖШС қатысатын "Mercury Service Company" ЖШС үлестеріне ие.



Сондай-ақ add Invest Properties компаниясы арқылы Құлыбаевтың жұбайымен бірге Keruen city Astana СОО, Keruen СОО, Talan Towers СОО және Астанадағы "Тұран 18" БО, Атырау Baizaar mall СОО және Keruen City Aktobe СОО басқарады. Одан бөлек, "Аяла" қайырымдылық қорының құрылтайшысы.

Еске салсақ, Грекияда яхта жалдаған қазақстандықтар отшашу арқылы аралды өртеп жібергені туралы хабарлаған едік. Грек басылымының мәліметінше, отшашу шыққан элиталық яхтаны Қазақстаннан келген демалушылар тобы жалға алған.

Талқылау