Қазақстандықтарға таулар мен ұлттық саябақтарға баруға рұқсат етілді

31 тамыздан бастап қазақстандықтарға тауға және ұлттық парктерге баруға тағы да рұқсат етіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады: Қазақстанда карантин тағы да жеңілдетілді.

"Қол жеткізілген оң әсерді ескере отырып, ведомствоаралық комиссия 31 тамыздан бастап ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және т. б. (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр қашықта, бетперде тағу қажет) қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 31 тамыздан бастап Қазақстанда карантин тағы да әлсірейді. ВАК шешімі бойынша елімізде осы күннен бастап бассейндер, мәдениет нысандары, діни нысандар іске қосылады, қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысы қайта басталады.


Таулар туралы қызықты мәліметтер

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр