Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Телефон, ноутбук, әшекей бұйымдар: Қазақстандықтарға шетелден кейбір тауарларды әкелуге шектеу қойылмақ

Қаржы министрлігі қазақстандықтарға шетелден кейбір тауарларды әкелуге шектеу қоймақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Мемлекеттік кірістер комитеті қаржы министрінің "Жеке тұлғалар арқылы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде тану критерийлерін белгілеу туралы" бұйрығына өзгерістер енгізбек. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды және 22 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады. 

Құжатқа сәйкес, қазақстандықтарға ЕАЭО шекарасы арқылы келесі жеке пайдалануға арналған тауарларды жылына бір рет қана әкелуге рұқсат етіледі:

- аң терісінен жасалған бұйымдар (бас киімдер де);

- әр адамға екі ұялы телефон;

- әр адамға екі планшет;

- бір ноутбук;

- бес әшекей бұйым;

- бір велосипед;

- әр адамға бір балалар арбасы.



Басқа тауарларды ЕАЭО шекарасы арқылы айына бір рет қана әкелуге болады. Бұл шектеулер бұрын пайдаланылған тауарларға қолданылмайды.

Сондай-ақ жеке пайдалану үшін жылына бір көлік құралын ғана әкелуге рұқсат етіледі. Бұдан артық әкелінген жағдайда бұл кәсіпкерлік қызмет ретінде қарастырылады.

Еске салсақ, бұған дейін кәсіпкер ретінде тіркелмей, шетелден көп тауар алдыратын қазақстандықтарға айыппұл салынатыны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 08 Сәуір, 2025 18:01
Талқылау