Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға 500 мың теңгеден жоғары ақша аударымын жасау кезінде талап қатаңдатылады

банкФото: istockphoto.com

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов банк картасын 500 мың теңгеден жоғары сомаға толтырған кезде жіберушіден міндетті түрде ЖСН енгізу талап етілетінін мәлімдеді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айтуынша, бұл шара банкоматтар арқылы қолма-қол ақша шығару схемасына қарсы бағытталған.

"Банкоматтарды ақшаны заңсыз шешу схемаларында пайдалану – өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, мұндай операциялар көлемі өсіп келеді. Жіберуші мен алушыны тиісті сәйкестендірудің болмауы аноним операциялар жасау мүмкіндігіне жол беріп тұр", – деді Бижанов.

Қаржылық мониторинг агенттігі мынадай ұсыныстар жасады:

•    500 мың теңгеден жоғары ақша толтыру кезінде жіберушінің ЖСН-ін енгізу (бұрын тек алушының ЖСН-і талап етілетін);

•    операцияларды мобильді қосымша немесе SMS арқылы растау;

•    банкоматтардың бейнежазбаларын 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 180 күн сақтау - күдікті операциялардың қатысушыларын анықтау үшін;

•    сондай-ақ мұндай операцияларда биометрия енгізілуі мүмкін: бет әлпетін немесе саусақ ізін тану.

Бижановтың айтуынша, бұл шешімдер 2025 жылғы 18 шілдеде комплаенс-қызметтер кеңесінде реттеушімен келісілген.

Премьер-министр Олжас Бектенов барлық ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін енді Қазақстанда банк картасын басқа біреуге бергендер сотталатынын жазған болатынбыз.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 07 Қазан, 2025 16:43
Талқылау