Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық желі қолданушыларының арасында қауіпті сілтеме таралуда

Қазақстандықтар арасында "тегін сыйлықтар алуға болады" деп көрсетілген жалған сілтеме тарауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz  порталына сілтеме жасап. 

хуавей

Желі мен мессенджерлерде таралған хабарламаға сенсек, сілтемені баcу арқылы Жаңа жылға орай телефон немесе басқа да электронды гаджеттер ұтып алуға болады екен. 

Дегенмен қазіргі таңда ұйым тарапынан мұндай ұтыстар ойнатылмағаны белгілі болды. Бұған қоса, сілтеменің Huawei компаниясына еш қатысы жоқ екені анықталды. 

"Егер сізге бұл сілтемені жіберген болса, ешкімге таратпаңыз. Сайттың мақсаты сіздің деректеріңізді ұрлау", - деп жазыпты желі пайдаланушылары. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 28 Желтоқсан, 2020 14:17
Талқылау