Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың алаяқтық жолмен алынған несиелері кешіріледі

Фото: freepik.com

Сенатта қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді пайдаланатын қазақстандықтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңға түзетулер қаралды. Заң жобасы бойынша енді несие алған азаматтарға ойлануға бір күн уақыт береді және алаяқтардың әрекеті байқалса бес күнге шот бұғатталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елімізде орынсыз немесе алаяқтық жолмен несие рәсімдеудің алдын алу үшін “күту кезеңі" енгізілмек. Бұл тұтынушылық онлайн несие келісіміне қол қойған адамдарға кейінгі бір тәулік ішінде несие алудан бас тартып, өтінішін қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл мерзім өткеннен кейін ғана азаматтарға несиеге келісім беріледі. Сонымен қатар жаңа талап бойынша, алғаш рет несие рәсімделген адам банк немесе микроқаржы ұйымының бөлімшесінде жекелей болуға міндеттеледі.

"Бұл талаптардың бұзылуы сотқа жүгінбей несиені есептен шығаруға себеп болады. Сондай-ақ алаяқтықпен алынған несиені сот шешімімен есептен шығару негіздері қайта қаралып жатыр. Заңсыз жеке куәлік деректерін пайдалану, сондай-ақ банк немесе микроқаржы ұйымы биометриялық сәйкестендіру тәртібін не алаяқтықты анықтау және тіркеу талаптарын бұзған жағдайда есептен шығарылады", – деді Сергей Карплюк.

Заңға ұялы байланыс арқылы жасалатын алаяқтықпен күрес жөнінде де түзетулер енгізілді. Бұл жағдайда банктерде алаяқтық белгілері анықталса, банк шоты немесе электронды әмияндағы шығыс операцияларды бес жұмыс күніне дейін тоқтату құқығы беріледі.

"Банктерге күмәнді төлемдер мен аударымдарды қабылдамау өкілеттігі де беріледі. Ұлттық банктің Антифрод орталығының дерекқорында күмәнді транзакциялары бар клиенттерге қызмет көрсету шектелуі мүмкін", – деді депутат.



Сенатта жеке тұлғалардың несиесін мерзімінен бұрын өтеу кезінде айыппұл алынбайтыны айтылды. Микроқарыздар бойынша қайтарылмаған қарыздар үшін ғана айыппұл салынады. Басқа айыппұлдарға тыйым салынады.

Тағы бір маңызды жаңалық — банк пен микроқаржы ұйымдары төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға және әлеуметтік осал топтарға арналған несиелер мен микроқарыздарға кемінде үш айға кейінге қалдыру ұсынуға міндетті болады. Сонымен қатар депутаттар әскери қызметкерлерге мерзімді әскери қызмет кезінде несие беруді ресми түрде тыйым салды.

Сенаторлар құжатты қарап, оны мәжіліске жіберді. Заң жобасы қайта қаралғаннан кейін президенттің қол қоюына жіберіледі. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 29 Мамыр, 2025 15:46
Талқылау