Қазақстандықтарды 223 млн теңгеге алдап кеткен әйел Ресейден экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин
Әйел Павлодарда 2019-2023 жылдар аралығында таныстарынан бизнесті дамыту үшін ақша алып, кепілдік ретінде басқаға тиесілі пәтерді ұсынған. Осылайша күдікті 66 тұрғынды алдап, 223 миллион теңге шығын келтірген.
“Алаяқтық жасағаннан кейін қылмыскерге халықаралық іздеу жарияланды. Нәтижесінде күдікті былтыр желтоқсан айында Ресей Федерациясы Адыгея Республикасының аумағында ұсталды. Кейін еліміздің бас прокуратурасының өтінішімен Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді бас прокуратура.
Айыпталушының мүлкі тәркіленіп, ол бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылмақ.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"