Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір күн шаңғы тебуге 17 500 теңге: Алматылық тау-шаңғысы курорттарында демалу құны қанша

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы бағаның көтерілуі қазақстандықтар арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Осы орайда Stan.kz ақпарат агенттігі белгілі Oi-Qaragai, “Ak Bulak” сынды демалыс орындарының бағасына шолу жасап көрді. 

Фото: shymbulak.com

Түрлі TikTok аккаунттарды Шымбұлақ тау-шаңғы курортында бағаның өскені туралы ақпарат пайда болды. Көбі бағаның өсетінін білгенін, алайда күрт көтерілетінін күтпегенін жеткізді.

@klochkovaa666 Вот и цены на текущий сезон, я конечно ожидала поднятие цен, но не настолько 🥲 Теперь, чтобы съездить вдвоем на это уйдет минимум 47 000 тг. (90 $), а с покушать ~70-80к ( 150$). Про семью с детьми и людей, которым еще снарягу надо брать в аренду я вообще пожалуй промолчу. А учитывая все моменты с людьми и трассами, выходит ну такое. Все в скитур, получается. Людей однозначно конечно станет меньше на склоне, как минимум не будет бедных студентов, так же для не умеющих кататься добавили тариф «новичок», этот абонемент для тех, кто только учится кататься, без возможности подняться на Комби 1 и Комби 2. Абонемент предоставляет возможность совершать катания на Бугеле, травелаторе. Это конечно здорово, но будут ли эти жопошники-чайники брать данный билет? Большой вопрос. По ценам в Лесной сказке та же песня, дневной 17500, я конечно понимаю доллар, поднятие цен, все дела, но хочется спросить «вы там совсем о####ели?»))) А вам как новости, что думаете? #чимбулак #шымбулак #shymbulakmountainresort ♬ оригинальный звук - klochkovaa666

"Неге баға сонша көтеріліп кеткен? Мұндай бағаны қайдан алған? Бұлар есінен адасқан ба?", "Бағаның қымбаттағанына таңғалып отырмын. Мүмкін бұл мерекелерге байланысты шығар?", "Бұл сұмдық қой", – деп жазды олар. 

@koe.kuacho

Очень грустно 🥺

♬ оригинальный звук - SHEKER в кино

Желі қолданушылары баға мәселесін тау-шаңғы курортының 2gis қосымшасында да көтерді. Ол жерде пікірлер саны күрт артып, Шымбұлақтың рейтингі 5-тен 1,9 ұпайға бір-ақ түсті. 

Фото: 2Gis қосымшасынан скрин

Сондай-ақ курорттың Instagram парақшасында да желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатыр. Олардың сөзінше, бастапқыда 5 500 теңге еді. Енді бірден 17 мың 500 теңгеге көтеру артық кеткендік дейді. 

“Біз Альпі тауларында жүрміз бе? Еліміздегі инфляциядан теңгенің құнын білмейсіңдер ме? 17 500 теңгеге қосымша киетін киімің, шаңғы, сноуборд, жол пұлың бар. Жалпы 25-30 мың теңгем кетті. Бар жоғы 4-5 сағат. Бұрынғы бағаны қайтарыңдар”, “Бұрын Шымбұлаққа көп барушы едім. Мына бағадан кейін енді тек Ақ-Бұлақ пен Ой-Қарағайға ғана барамын”, “Бағаны өзіміздің елдің тұрғындарына аз қылсаңдар. Ал туристерге жоғары баға қойсаңдар”, – деп жазды олар. 

Фото: Курорттың Instagram парақшасынан скрин

 

Тау-шаңғы курортының өзі бағаның көтерілуіне қатысты пікір білдірді. Компания инфляцияның өсуіне, инфрақұрылымды пайдалану мен дамытуға жұмсалған шығындарға қарамастан, шаңғы трассаларының құны соңғы үш маусымда мүлдем көтерілмегенін еске салды. 

"Курортқа келушілер жылына 1,5 миллион адамға жетті. Бұл тау-шаңғы курортында мына жағдайларға: инфрақұрылымның, оның ішінде шаңғы көтергіштері, жолдар және қар ұстайтын жүйелердің бұзылуына; қосымша шаралар мен шығындарды талап ететін қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; сервистік инфрақұрылымды ұлғайтуға (жаңа дәретханалар салу, қолданыстағы қызметтерді және ілеспе инфрақұрылымды кеңейту), келушілердің жайлылығына әсер етеді", – делінген хабарламада. 

Осы орайда қазіргі уақытта Шымбұлақ тау-шаңғы курорты, Oi-Qaragai отбасылық демалыс орны мен “Ak Bulak” тау-шаңғысы курортындағы бағаны салыстырып көрейік:  

Фото: Stan.kz

Мәселен Шымбұлақ тау-шаңғы курортында жұмыс күндері таңғы тариф бағасы ересектерге 13 мың теңге болса, балалар үшін 3 500 теңге. Ал , Oi-Qaragai отбасылық демалыс орнында бұл баға ересектер үшін 10 500 теңге, балаларға 3 500 теңге. “Ak Bulak” тау-шаңғысы курортындағы бұл тариф бағасы ересектер үшін 9 мың теңге, ал балаларға алдыңғы екі курорттағыдай өзгеріссіз 3 500 теңге. 

Сондай-ақ Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы бір күнгі шаңғы тебу тарифі ересектерге 17 500 теңге, балаларға 5 000 теңге. Oi-Qaragai отбасылық демалыс орнында баға Шымбұлаққа қарағанда 3 500 теңгеге арзан, яғни 14 000 теңге болса, балаларға 5 000 теңге. Ал  “Ak Bulak” тау-шаңғысы курортындағы баға екеуіне қарағанда арзанырақ, яғни 12 000 теңге, балалар үшін жоғарыдағы екі курорттағыдай 5 000 теңге. 

Фото: Stan.kz

Енді демалыс күндеріне белгіленген шаңғы тебу бағасын салыстырып көрейік. Шымбұлақ тау-шаңғы курортында демалыс күні толық бір күнгі тариф ересектерге 17 500 теңге, балаларға 5 000 теңге. Oi-Qaragai отбасылық демалыс орнында да ересектер мен балаларға белгіленген баға Шымбұлақ курортымен бірдей. Екі демалыс орнына қарағанда  “Ak Bulak” тау-шаңғысы курортындағы баға 2 500 теңге арзан болып шықты, яғни ересектер үшін 15 000 теңге. Дегенмен балаларға арналған тариф сол қалпы – 5 000 теңге. 

Осы орайда салыстыру үшін үш курорттың 2023 жылы бекіткен шаңғы тебу бағасына да шолу жасадық. Мәселен 2023 жылы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында жұмыс күндері таңғы уақытта ересектер үшін баға 6 800 теңге, ал жастарға 4 200 теңге болған. Ал толық бір күнгі тариф ересектерге 7 600 теңге, ал жастар үшін 5 300 теңге. Күндізгі баға ересектерге 5 800 теңге, жастарға 3 800 теңге деп бекітілген. 

Oi-Qaragai отбасылық демалыс орнының өткен жылғы тарифін 2024 жылмен салыстыру үшін әкімшілігінен бағаны сұрап көрдік. Алайда курорт әкімшілігі өкінішке қарай өткен жылдың бағасы сақталмағанын мәлімдеді. 

Ал Ak Bulak тау-шаңғы курорты әкімшілігінің мәліметінше, өткен жылы абонемент 10 мың теңге болса, 2024 жылы 15 мың теңгеге көтерілді. 2023 жылмен салыстырғанда баға 50%-ға өсті, деп жауап берді. 

“Дегенмен өкінішке орай 2023 жылдың Прайс-парақшасы сақталмады”, – деді курорт әкімшілігі.

Үш демалыс орнының 2023-2024 жылы бекіткен бағасына үңіліп қарасақ, айтарлықтай айырмашылық байқалады. 

Oi-Qaragai отбасылық демалыс орнына көпшілік қандай баға беріп жатыр

2GIS қосымшасында Oi-Qaragai отбасылық демалыс орынның қызметіне көпшілік екіжақты пікір білдірген. Курорттың қазіргі рейтингі 5-тен 3,8 ұпай. Мұнда көпшілігі Шымбұлақтан кейін баға бірден өсіп кетті десе, енді бірі бағаның ыңғайлы екенін алға тартады. 

Фото. 2Gis қосымшасынан скрин

Фото. 2Gis қосымшасынан скрин

Фото. 2Gis қосымшасынан скрин

“Ak Bulak” тау шаңғы курорты

“Ak Bulak” тау шаңғысы курортының 2GIS қосымшасында да көпшілік екіжақты пікір қалдырып жатыр. Бірі өткен жылы баға тиімді еді деп, биыл бағаның бірден көтеріліп кеткеніне таңданысын білдірген. Енді бірі Ak Bulak-ты Алматы облысындағы ең үздік демалыс орны деп бағалаған. 

Фото: 2Gis қосымшасынан скрин

Курорттың 2Gis қосымшасындағы қазіргі рейтингі 5-тен 2,9 ұпай жинаған. 

Жұмаділлә Нұрила
Бейсенбі, 19 Желтоқсан, 2024 14:21