Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар шекарадағы кезекке байланысты үш күннен бері елге кіре алмай жүр

Шекарадағы кептеліс салдарынан Ресейден келген қазақтар үйлеріне қайта алмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап.

Ресей Федерациясында мобилизация басталғаннан кейін шекарада кезек көбейді. Мыңдаған ресейліктер елден кетіп жатыр. Олардың көпшілігі Батыс Қазақстан облысындағы шекара бекетіне келген. Орал қаласының тұрғыны Александр отбасымен шекарада төртінші күн тұрғанын айтты.

"24 қыркүйекте "Маштаково" өткізу бекетінде кезекке тұрдық. Екі күннен бері кезек қозғалмайды. Тек жүк көліктері жүреді. Қазақстандықтардың барлығы елге кіре алмай отыр. Біз көппіз. Барлығымыз жиналып, қалаға бардық. Шекарашылар мәселені шешііп жатқан жоқ", - деп шағымданады Орал тұрғыны.

Оның пікірінше, такси жүргізушілері қиындық туғызады. Олар адамдарды шекарадан өткізіп, саптың соңына емес, қай жерден кеткен болса, сол жерге қайтады. Ал олардың орнын әріптестері "кезек ұстап" отыр. Александрдың айтуынша, такси жүргізушілері шекарадан өткені үшін бір адамнан 6-7 мың рубль (шамамен 57 мың теңге) алады.

Ол кісінің айтуынша, кезекте тұрған қазақстандықтардың азығы таусылуға таяған. Жергілікті кәсіпкерлер де тауар бағасын бірнеше есе қымбаттатқан. 

Сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша, Маштаково өткізу бекетіне дейінгі желі 45-50 шақырымға созылды.

Талқылау