Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар ресейліктерге үйіне ақылы тіркеу қызметін ұсынуда: Мұның салдары қандай?

Ақтөбелік кәсіп қуғандар енді ресейліктерді  ақшаға жеке пәтеріне тіркеуді ұсынуда. Азаматтар мұндай хабарландыруды әлеуметтік желі арқылы жібереді. Осыған орай Көші-қон қызметі бұл әрекеттің заңсыз екенін ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Желіге хабарландыру берушілер бағаны онда жарияламай, жеке әңгімелесу кезінде айтады екен. Мұндай хабарландырулар құқық қорғау органдарының назарын аударып үлгерді. Бұл фактте әлі ешкім ұсталмаса да, полиция қызметкерлері шетелдіктердің республика аумағында қаншалықты заңды түрде жүргенін тексеретін болады. 

Көші-қон қызметі басқа ел азаматтарының ресми және нақты тұрғылықты мекен-жайы міндетті түрде сәйкес келуі керек екенін ескертеді. Әйтпесе, шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондықтан оларға күмәнді хабарландырулардың авторларына хабарласпауға кеңес беріледі. Үй иелері де бұл істің заңға сай келмейтінін есте сақтауы керек.

“Ақылы қызмет көрсететін азаматтарға хабарласпаңыздар. Сіз бұл мекенжайда тұрмайтындықтан ҚР-ның заңнамасын бұзған болып есептелесіз”,- деді Ақтөбе облысы бойынша Көші-қон қызметі департаментінің басшысы Эльмира Болтаева.


Талқылау