Қазақстандықтар Ресейге қалай кіре алады: Жаңа ережелер жарияланды
Ресейге ұшатын қазақстандықтар ПТР-сынағынан өтіп, сауалнаманы толтыруы керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шетелдіктер Ресейге осы елдің үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы қаулысымен белгіленген ережелер бойынша кіре алады.
Қазақстандық туристер Ресейге Ресей Федерациясы тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтірген барлық елдердің рейстерімен жете алады.
Әуе қатынасы Қазақстан, Ұлыбритания (2021 жылдың 1 маусымына дейін тоқтатылды), Танзания (белгісіз мерзімге тоқтатылды), Түркия, Швейцария, Египет, Мальдив, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан, Корея Республикасы, Куба, Сербия, Жапония, Сейшел аралдары, Эфиопия, Вьетнам, Үндістан, Катар, Финляндия, Әзірбайжан, Армения, Греция, Сингапур, Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Шри-Ланка бағытында жанданған.
Қазақстан азаматтары Беларуссиядан Ресейге осы елде тұруға ықтиярхаты болған жағдайда ғана ұша алады.
Қазақстанмен байланыстағы халықаралық пойыздардың жүрісі уақытша тоқтатылды.
Мамыр айынан бастап қазақстандықтар Ресейге Нұр-Сұлтан - Мәскеу және Алматы - Мәскеу рейстерімен ұша алады. Ұшу кестесін авиакомпаниялар ұсынады.
Ұшаққа міну үшін Қазақстан азаматтары мен Қазақстанда немесе Ресейде тұруға ықтиярхаты бар адамдар сауалнама толтыруы керек.
Тест мерзімі үш күнге жарамды. Тест мерзімі Ресейге келгенге дейін үш күннен аспауы керек. ПТР сертификаты басып шығарылып, сапар бойына сақталуы керек.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
