Қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласынан референдумға қатыса алады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2022 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтеді. Ресейде жүрген қазақстандықтар сол елдегі елшіліктерге барып, өз дауыстарын бере алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап.
18 жасқа толған азаматтар референдумға мына мекен-жай бойынша қатыса алады: Мәскеу қ., Чистопрудный бульвар, 3 "А". Аталған жерде №265 сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Референдумға бөлінетін 16,4 миллиард теңге қайда жұмсалады?
Мәскеуден бөлек, тағы төрт қалада сайлау учаскелері жұмыс істейді:
Санкт-Петербург – Рылеев көш, 10 үй, №290 сайлау учаскесі;
Қазан – Карл Маркс көш, 8/13 үй, №301 сайлау учаскесі;
Астрахань – Акварельная көш, 2"Б" үй, №291 сайлау учаскесі;
Омск – Шоқан Уәлиханов көш, 9 үй, №292 сайлау учаскесі.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ