Қазақстандықтар онлайн-беташар жасады
Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар онлайн той өткізді. Той жасау үшін пандемия бітуін күтпеген. Тараздағы жақын туыстарын бір дастархан басына жинап, теледидар арқылы беташар жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Онлайн той Тараз шаһарда өткен. Екі жастың жақындары теледидар алдына жиналып, беташар жасаған. Ал келін ақ орамал астында көк экранның ар жағынан сәлем салды. Өз кезегінде жақындары дәстүр бойынша көрімдік берді.
Бұл ретте құда да, құдағи да тыныш. Бәрінің көңілі тоқ. Дүркіретіп той жасауға әлемдік пандемия кедергі емес. Жастар осылай ебін тауып, шаңырақ көтеріп жатыр.
Онлайн тойдың бейнежазбасы желіде тараған бойда, оқырмандар өз таңданыстарын жасыра алмады.
Талқылау

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
Жағажайда ауыз су, желі мен санитарлық жағдай жоқ

"Бір нүктеде қатып қалды": Аспанда "тоқтап тұрған" ұшақтың видеосы қызу талқылануда
Желі пайдаланушылары: "Құлап кете ме деп қатты қорықтым”