Қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне шағымданды
Қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне 12 айлық төлем жарнасын өтемесе қажетті ем-шаралар ала алмайтынын айтып шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көпшілікте жүейеге салынуы керек өтем қарыздары көбейген. Арайлым есімді университет түлегі өзінің соңғы жыл жұмыс істемеуіне байланысты МӘМС-ке төлем жасай алмағанын айтады. Жұмысқа жақын арада тұрған қызды осы үшін емханада сараптамадан өткізбеген.
“Мен неліктен дәрігерге қаралмаған уақыттар үшін сақтандыруды төлеуім керек? Барлық уақытты есептеген кезде бұл үлкен соманы құрады. Мен тек бір айға ғана төлей аламын”, – деді жас маман.
Медициналық көмек алу үшін 2021-ден 2022 аралығындағы барлық айға төлем жасалынуы керек. Берешек туралы “Қолдау” қосымшасынан немесе емханадан білуге болады және төлемді терминал, екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы өтеуге болады.
“Бұл әлеуметтік салықты табыс, зейнетақы аударымдары, медициналық сақтандыруды біріктіретін БЖТ төлемі арқылы, 3063 теңгені соңғы үш айға төлеу арқылы медициналық көмекке жүгінуге кепілдік ала аласыз”, – деді Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру фондының директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова.
Ресми жұмыс істейтін қазақстандықтар МӘМС қорына жалақының 2%-ын аударады, тағы 3%-ын жұмыс беруші төлейді. Жалпы алғанда, 5% шығады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға сақтандыру 3 000 теңгеге түседі. Бірақ жеке кәсіпкерлер 4 200 төлеуі керек. Яғни ең төменгі жарна 36 мың теңге, ал кейбіреулерінде жыл сайынғы жарналар жүздеген мың теңгемен есептелуі мүмкін. Бірақ қызмет көрсету сапасы барлығына бірдей.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
