Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар маусымдық көкөністер мен жемістердің қымбаттығына шағымдануда

Қазақстандықтар маусымдық көкөністер мен жемістердің қымбаттығына шағымдануда. Шілде айының соңы болса да олардың бағасы төмендемеген. Азаматтар биыл жоғары бағаға байланысты қысқы азықты дайындай алмағандарын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Карантинге байланысты халықтың көп бөлігі табысынан айырылды. Ал көкөністер мен жемістер сатып алуға барғанда екі есе көңіл күйің түседі, дейді елордалықтар.  Себебі, жаздың соңы жақындап қалса да, маусымдық көкөністер мен жемістер арзандамаған.

"Бәрі қымбат", "Бағалары тым қымбат, қысқа ешнәрсе жаппадық", "Алма, қызанақ, қияр қымбат. Алмалы елде тұрамыз, бірақ алманың бағасы 500 теңге, сұмдық қой", - деді Нұр-Сұлтан тұрғындары.

Ел өңірлерінде  көкөністер мен жемістердің бағасы әртүрлі. Мәселен, Нұр-Сұлтан алма мен шабдалының орташа бағасы 1 келісі үшін 600-700 теңге болады, ал жидектердің құны 2000 теңгеге дейін жетеді. 

Әлеуметтік маңызды өнімдердің де бағасы әр түрлі, олардың шекті бағасын тек сәуір және мамыр айларына ғана белгілеп қойған. Сауда және интеграция министрлігі осы шараны жеткілікті деп есептейді, ал баға, олардың пауымдауынша, айтарлықтай өспеген.

"Жыл басынан бері баға өсімі 5,7 пайыз, бұл осыған дейінгі ең аз көрсеткіш. Бізде 9,1пайыз, 7 пайыз да болған. Біз тауарлардың бағасын карантин кезінде шекті құн арқылы ұстап тұрдық. Әрине, бұл нарықтық шара емес. Айта кетейік, бағаларды бақылау әкімдіктің құзыретіндегі іс", - деді 

Министрлік бұған дейін әкімдіктерге айналымдар сызбасын қолдануды ұсынған. Жергілікті бюджет есебінен ірі сауда орындарын зат сатып алуға ақша бөлі, осыдан кейін сатушылар оны мемлекет қазынасына қайтара бастайды, осы арқылы халықтың қалтасы көтеретін бағаны ұстап тұруға болады. Қазір осы әдісті 12 аймақ пайдаланып жатыр. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен сауда министрлігі елді үрейленбеуге шақырып, елде азық-түлік қоры жеткілікті екенін мәлімдеді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 28 Шілде, 2020 15:52
Талқылау