Қазақстандықтар қосылған құн салығының 20% көтерілуіне қарсы шықты
Әлеуметтік желідерде қазақстандықтар бизнес үшін қосылған құн салығын қазіргі 12-ден 20 пайызға дейін көтеруге қатысты пікір білдіріп, қарсы шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pexels.com
Заңгер Жангелді Сүлейменов әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында қосылған құн салығы 20 пайызға көтерілуі шикізат пен тауарлар бағасының қымбаттауына және тұтынушылар мен кәсіп иелеріне ауыр тиетіні жайлы айқан.
“Қазір наубайхана ұнның 1 келісін 100 теңгеден сатып алады, бұл бағаның ішінде 12% қосылған құн салығы бар, яғни 9 теңге. Сөйтіп наубайхана нан пісіреді, шамамен 1,5 келі, қосылған құн салығын қосқанда 400 теңгеге. Шартты түрде наубайхана бюджетке 34 теңге қосылған құн салығын төлейді. Сонда нанның 1 келісі 266 теңге тұрады. Қосылған құн салығы 20% көтерілсе, не болады? Наубайхана ұнды 100 емес, қосылған құн салығын қосқанда кем дегенде 120 теңгеге сатып алады. Неліктен 120? Қосылған құн салығының өсуі автоматты түрде барлық нәрсенің бағасына әкеледі. Сонда 1,5 келі нанды қосылған құн салығын қосқанда 83 теңгемен кем дегенде 500 теңгеден сатады, яғни 1 келі нанды 333 теңгеден аламыз. Шартты түрде наубайхана бюджетке 63 теңге қосылған құн салығын төлейді. Яғни, бұл мемлекетке тиімді. Біз нанды 333 теңгеге сатып аламыз, бұл – қосылған құн салығы 25% болады деген сөз”, – дейді заңгер.
Ол 12 мен 20 пайыздың арасы болмашы ғана болып көрінгенімен, салдары ауыр болатынын айтты.
“Тауардың барлық түрімен қоса, қызметтер де қымбаттайды. Шындығында жағдай расымен нашарлап кетуі мүмкін. “Көбелек эффекті” деген ұғым бар. Яғни, кішігірім өзгерістер мен оқиғалар үлкен зардаптарға әкеледі. Ал 20 пайызға қатысты ұсыныс "көбелек" емес, "піл эффекті". Бізде онсыз да халық пен кәсіп иелері зорға өмір сүріп жатыр, қосылған құн салығы 20 пайыз болса тіпті жойып жібереді”, – делінген жазбада.
Фото: Желіден скрин
Желі қолданушылары заңгердің бұл ойын қос қолдап қолдады.
“Неге қосылған құн салығын көтеруге асығып отыр? Онсыз да әрең күн көріп жүрген халықты қинамай, алдымен объективті түрде зерттеп, есептеу керек”, “Қосылған құн салығының ұлғаюы инвестициялық ахуалды нашарлатады. Экономикамыз мықты болсын десек, көптеген салықтардың мөлшерін азайтып, және бірқатарын мүлдем алып тастауымыз қажет”, “Ұрлауды қойып, бюджетті оңтайландыру керек. Онсыз да жалақыға салынатын салық ставкаларын көтеріп тастады”, – деп жазды ашынған халық.
"Ланчжоу" фастфуд мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Гүлбану Майгарина да салықтың артуы кәсіптің дамуына кедергі келтіретін айтты.
“Бұл тәсіл өзінің дәрменсіздігін көрсеткен еді. 2021 жылы дивидендтерге 10 пайыздық жеке табыс салығы (ЖТС) енгізілгенде бұрын-соңды болмаған жайт болды. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет салық түсімдері 2023 жылы бір жыл бұрынмен салыстырғанда азырақ түсті”, – деп жазды Гүлбану Майгарина.
Оның айтуынша, қосылған құн салығының 20%-ға дейін артуы Қазақстанның экономикалық жағдайын нашарлатып, салық түсімдерін азайтып, жұмыссыздықты арттырады. Кәсіпкер Қытай мен Швейцария сияқты елдердегі сәтті мысалдарға назар аударып, таза табыстан кейін салық салуға көшуді, қосылған құн салығын шегін көтеруді, бөлшек салықты сақтауды, кәсіпті қолдап, әділ салық жүйесін енгізуді ұсынады.