Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар қытайлық вакцинаны қашан салғыза алады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қытайлық вакцина бүгін елімізге жеткізілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қытайлық вакцинаның алғашқы дозасы бірден өңірлерге жіберіледі. Оған қоса, қазақстандықтардың вакцина таңдауға мүмкіндігі болады. 

"Осыған дейін айтқанымдай, қытайлық вакцина бүгін елімізге жеткізіледі. Ол барлық өңірлерде қолжетімді болады. Алғашқы 750 мың доза жан-жаққа таратылады. Отандастарымыздың коронавирусқа қарсы вакцинаны таңдауға мүмкіндігі болады", - дейді Цой. 

Еске салсақ, ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой не себепті вакцинациялау орталықтары ретінде сауда, ойын-сауық орталықтары таңдалғанын түсіндірді.


"Барып тұрған дискриминация. Олар бізден артық па?": Қытайлық вакцинаны сатып алған "Самұрық-Қазына" түсініктеме берді

Дана Русланқызы
Жұма, 30 Сәуір, 2021 10:45
Талқылау