Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар қай елдерде белсенді түрде дауыс беріп жатыр – Сыртқы істер министрлігі жауап берді

6 қазан АЭС салу бойынша референдум өтіп жатыр. 40-тан астам елде референдум өткізуге арналған учаскелер жұмысын қызу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: t.me/pressmfakz

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бүгін Жапония, Оңтүстік Корея сияқты Азия елдеріндегі сайлау учаскелері бірінші болып ашылған. Олардан кейін Қытай, Сингапур, Моңғолия, Малайзия, Тайланд, Вьетнам, Индонезия болды.

"Дауыс беру процесі Ресей, Үндістан, БАӘ, Оман, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан сияқты елдерде де белсенді түрде өтіп жатыр", –делінген хабарламада. 

Жақын уақытта Таяу Шығыс пен Еуропа елдеріндегі қазақстандықтардың да көшке ілесетіні айтылды. 

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді. Сондай-ақ елімізде АЭС салу бойынша референдумда алғашқылардың бірі болып премьер-министр Олжас Бектенов дауыс берді.

Талқылау