Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар енді өздерін құмар ойындардан 10 жылға дейін шектей алады

Қазақстанда азаматтар бұған дейін өзін құмар ойындардан 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге шектей алатын. Енді бұл мерзім 10 жылға дейін ұзартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұл қызметті eGov mobile қосымшасы арқылы іске қосуға болады. Енді кез келген азамат барлық лицензияланған ойын алаңдары мен онлайн букмекерлік платформаларға кіруді шектеуге мүмкіндік береді.

Қызмет тек 21 жастан асқан адамдар үшін қолжетімді.

Қызметті пайдалану үшін eGov mobile қосымшасына кіріп, "Қызметтер” бөлімінен "Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектеу қою" қызметін таңдап, шектеудің уақытын көрсетесіз. Өтінішке Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет. 


Қазақстанда құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкерлерге айыппұл салына ма – Вице-министр жауап берді


"Өтініш бергеннен кейін қолданушы құмар ойындарға қатысуға шектеу қойылған тұлғалар тізіміне автоматты түрде енгізіледі және өтініш кері қайтарылмайды. Бұған дейін шектеу қойғандар үшін мерзімді ұзарту мүмкіндігі де бар”, – делінген ақпаратта.

Бүгінге дейін елімізде 173 868 адам өзін құмар ойындардан шектеген.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда алимент бойынша қарызы барларға құмар ойын ойнауға тыйым салынып жатқанын жазғанбыз.

Талқылау