Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар енді 1 пайыздық мөлшерлемемен ипотека рәсімдей алады

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда “Дипломмен – ауылға” бағдарламасының аясында 1%-дық ипотекаға өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы “Отбасы банк” әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Банктің мәліметінше, мұндай ипотекаға білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешені (АӨК), мәдениет, спорт салаларының, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы мемлекеттік қызметкерлер (әкімдер мен олардың орынбасарларынан басқа) қатыса алады.

Бағдарлама не береді:

- көтерме жәрдемақы – бір реттік төлем: 100 АЕК;

- тұрғын үйді сатып алу немесе салу үшін жылдық 1% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие (ЖТСМ – 1%);

- максималды несие сомасы – 2 500 АЕК-ке дейін (елді мекен түріне байланысты);

- несие мерзімі – 15 жылға дейін.

Өтінім беру онлайн түрде Baspana Market платформасы арқылы жүзеге асады. Қатысу үшін жеке кабинетке кіріп, өтінім толтыру және нәтижелерді күту қажет.


Қазақстандықтарға тиімді ипотека мен автонесие беріліп, бизнесті тексеру тоқтатылады: Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар жариялады

Ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2026 жылдың шілдесіне дейін 25% деңгейінде қалады


Қатысу шарттары:

- техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның болуы;

- несие алған мамандар кемінде 3 жыл бойы өз мамандығы бойынша ауылдық жерде жұмыс істеуге міндетті;

- бұрын алынған несиелер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы.

Еске салсақ, бұған дейін табысы төмен қазақстандықтарға ипотека алуға тыйым салынатыны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 07 Қараша, 2025 23:07
Талқылау