Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар дәрі-дәрмекті Instagram арқылы сата бастады

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди әртүрлі аймақтардағы дәрі-дәрмектің заңсыз сатылуына қатысты заң бұзушылықтар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмектерді Instagram арқылы заңсыз сату фактісі анықталды. Оны елорданың 30 жастағы тұрғыны жүзеге асырды. Цев-3, преднизолон және басқа препараттардың 132 пакеті тәркіленді. Көкшетауда дәріханалардың бірінің медбикесі дәрілерді заңсыз сатумен айналысқан. Олар «Цепим» препаратын сатты", - дейді Калайчиди.

Оның айтуынша, Ақтөбе облысында дәрі-дәрмек сатылымы азық-түлік дүкенінде жүзеге асырылған. 59 атаулы дәрі-дәрмектің 112 пакетті тәркілеген.

"Алматының үш тұрғыны қытайлық дәрі-дәрмектерді көтерме сатумен айналысқан, олардың көліктерінен мыңнан астам пакет алынды. Павлодар облысында дәрі-дәрмектерді тиісті құжаттамасыз сататын дәріханалар анықталды. 1000-нан астам түрлі вирусқа қарсы препараттар тәркіленді", - деді министрдің орынбасары.

Калайчиди сонымен қатар Түркістан облысының 40 жастағы тұрғыны туралы айтып берді. Ол үйде емдеу бөлмесін ашып, онда медициналық қызмет көрсетумен қатар, заңсыз дәрі-дәрмек сатумен айналысқанын айтты. Полицейлер одан 307 пакет дәрі-дәрмек тәркілеген. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 23 Шілде, 2020 12:10
Талқылау