Қазақстандықтар Астанадағы IT форумды әзілкеш Нұрлан Сабыровтың жүргізетініне наразылық білдірді
Фото: instagram.com/digitalbridge_official
Қазақстандықтар Астанада өтетін Digital Bridge технологиялық форумына әзілкеш Нұрлан Сабыровтың жүргізуші ретінде шақырылғанына наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Форум ұйымдастырушыларының мәліметінше, әзілкеш шараға арнайы қонақ ретінде шақырылған. Нұрлан Сабыров жүлде қоры 100 000 долларды құрайтын Astana Hub Battle стартаптар жарысын жүргізбек.
IT мамандарына арналған форумға әзілкешті шақыру идеясы желі қолданушыларына ұнамады.
Әзілкеш Нұрлан Сабыров Мәскеу әуежайында қамауға алынды
Нұрлан Сабыров Ресейде элиталық жылжымайтын мүлік пен люкс автокөліктерге иелік етеді – БАҚ
“Бұл не сандырақ? Халықаралық технологиялық форумға неге әзілкеш шақырылған? Жаңа технологиялар мен жасанды интеллект саласынан мықты спикерлерді шақырудың орнына әзілкеш шақыру орынсыз”, – деп жазды Threads қолданушысы.
Кейбір желі қолданушылары шараны “Диджитал стендап” деп атаса, енді бірі “парламентте отырып анасына құттықтау жолдайтын депутаттардың елінде ештеңеге таңғалмау керек” деген пікірде.
Айта кетейік, Нұрлан Сабыров Астанадағы осы секілді технологиялық шараларға шақырылған “ерекше қонақтардың” алғашқысы емес. Бұған дейін Астанада өткен PGL Major 2025 халықаралық киберспорт турниріне ресейлік порноактриса Ева Эльфи арнайы қонақ ретінде шақырылған еді.

"30 мың теңгеге азық-түлік аламын", "ажырасқандар салық төлесін": Көпшіліктің сынына ұшыраған депутат Ардақ Назаровтың даулы мәлімдемелері
