Қазақстандықтардың 2025 жылы Ұлттық банктен қанша алтын сатып алғаны белгілі болды

Ұлттық банк азаматтарға өлшемді алтын құймаларын сату жөніндегі есепті жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банк 2025 жылы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктеріне жалпы салмағы 889,5 кг болатын 27 807 өлшемді құйма сатқан.
Өлшемді құймалар көп сатылған өңірлер:
- Алматы (20 526 дана, 74%);
- Астана (1 650 дана, 6%);
- Шымкент (1 099 дана, 4%).
2025 жылы Қазақстан алтын сатып алудан әлемде екінші орынға шықты
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Ұлттық банк халыққа арналған өлшемді құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Alatau city bank, ЦентрКредит Банкі арқылы, сондай-ақ банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде сатып алуға немесе кері сатуға болатынын атап өтті.
“Осылайша, 2025 жылы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері кері сатып алғанды ескергенде, халыққа жалпы салмағы 1,1 тонна – 40 799 өлшемді құйма сатты. Бағдарлама іске қосылғалы (2017 жылдан бері) сатылған алтын құймалардың жалпы саны – 263 479, ал олардың жалпы салмағы – 9 тоннаны құрады”, – делінген хабарламада.
Ұлттық банк алтын құйманың сенімді инвестиция құралы екенін атап өтті.
“Әрбір алтын құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және бедерлі жиегі бар) және механикалық зақымданудан қорғайтын арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғаныш қорабы сапа сертификаты болып та саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін алтын мен күміс бағасы рекордтық деңгейге жеткені туралы жазған едік.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі