Қазақстандық зілтемірші Азия чемпионатында қола медаль иеленді
Қазақстандық ауыр атлет Егор Шерер жастар юниорлар арасындағы Азия чемпионатында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Егор Шерер 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Нәтижесінде ол қоссайыста 325 келі (150+175) көтеріп, алғашқы үштікке енді. Ал жекелей алғанда әр жаттығудан күміс және қола медаль жеңді.
Бұған дейін ауыр атлет Надежда Ли Азия чемпионатында күміс медаль иегері атанған болатын. 64 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен ол қоссайыс нәтижесі бойынша 184 келі (100+84) көтерген.
Сонымен қатар Емберді Едіге, Әлішер Байбуров пен Денис Полубояринов алтын медаль жеңіп алған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”