Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жігіттер енді әскерге баруға міндеттілердің есебіне электронды түрде тіркеледі

Қазақстанда әскерге баруға міндеттілер мен шақырылғандардың цифрлық есебі пайда болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

әскери билет

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйелерін басқа мемлекеттік органдармен интеграциялаудың арқасында әскери есепке алу саласындағы қызметтер электрондық форматқа ауысады.

"Енді әскерге шақыру цифрлық форматқа ауыстырылды. Бейбіт уақытта әскерге шақыру жасындағы азаматтарды тіркеу туралы куәліктердің, әскери қызмет өткермегендерге әскери билеттердің берілуінің күші жойылды. 17 жастағы жігіттер енді жеке істерін жинап, әскери комиссариаттарға тіркеуге келудің қажеті жоқ. Ол жүйелердегі деректер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады", – деді ӘК бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаров.

Қазір елде әскерге баруға міндеттілер мен шақырылғандардың электрондық есебі жұмыс істейді. Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде азаматтар автоматты түрде жергілікті әскери басқару органдарына бекітіледі.

Қызметтерді автоматтандыру азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін де жеңілдетеді. Жұмыс берушіге енді қызметкерден әскери билет немесе тіркеу куәлігін талап етудің қажеті жоқ. Барлық деректер азаматтың жеке кабинетінде eGov-да "әскери қызмет" бөлімінде бар.

Зейнеткерлікке шыққан кезде енді әскери қызметті өткергенін растайтын анықтама алу үшін жергілікті әскери басқару органына жүгінудің қажеті жоқ.

Талқылау