Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жас балуан Жаңажол Қуанышбек әлем чемпионы атанды

Фото: UWW

Афинада (Грекия) өткен грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Жаңажол Қуанышбек алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 16 жастағы балуан финалда Қырғызстан өкілі Нұркерім Құмарбековті 8:7 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ол Жақсылық Үшкемпіров атындағы күрес түрлері бойынша Олимпиадалық даярлық орталығының тәрбиеленушісі. Спортшының бапкерлері – Асхат Жаңбыров пен Жарқын Тұрсынов.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасының тағы бірнеше өкілі жүлдегер атанды. 48 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулет Құмарұлы мен 55 келіге дейінгі салмақта Нұрали Асқар күміс медаль жеңіп алса, 65 келіге дейінгі салмақта күрескен Шәміл Досбол қола жүлдені қанжығасына байлады.

Айта кетейік, U17 құрамасының аға бапкері Асхат Жанбировтың жетекшілігімен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлемдік біріншілікте үздік үш команданың қатарына енді.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 31 Шілде, 2025 11:36
Талқылау
`