Қазақстандық жас актриса бизнесмен жігітке тұрмысқа шығуға келісім берді (видео)
Қазақстанның өнер жұлдыздары, актер Азат Сейтметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы Айым Сейтметоваға сүйіктісі ұсыныс жасады.

Айым Сейтметова 22 жасқа толған туған күнін атап өтті. Жеке меншік мерекесінде сүйіктісі тосынсый жасап таңғалдырды. Аруға жүрегін ұсынып, өмірлік жары болуға ұсыныс айтты. Жас актриса оған келісімін берді.
"Мен әлемдегі ең керемет жанның жары болуға келісім бердім. Мені бақытты етіп жүргенің үшін рахмет. Мен сені сүйем", - деп жазды Айым желідегі парақшасында.
Бойжеткен сүйіктісі таққан сақинасын көрсетті.
"Өте жарасымды жұп! Бақытты болыңыздар! Қыз мұраты - кету, бағыңыз жансын, сүйіктіңізді бақытты етіңіз", - деп жазды желі қолданушылары.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар