Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық түрмелерде медициналық маскалар тігіле басталды

Қазақстандағы түрмелерде медициналық маскалары тігілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

түрме

ІІМ жедел штабының отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев медициналық қызметкерлермен бірге карантиндік іс-шараларға қатысатын полиция қызметкерлерін жеке тыныс алу жолдарын қорғау құралдарымен қамтамасыз етуді тапсырды. ІІМ басшысы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік базасын пайдалану қажеттігін атап өтті.

Осы жұмыс шеңберінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитенің “Еңбек” республикалық мемлекеттік кәсіпорны қорғау бұйымдарының үлгілерін дайындады, оларды дайындауға белгіленген тәртіппен тиісті сертификат алынды. Стандартқа сәйкес, бұйым материалы гипоаллергенді болып табылады, шаңнан қорғау қасиеттеріне ие және инфекциялық аурулардың тәуекелдерін азайтады.
түрме
“Қазір барлық жеке құрам ерекше жұмыс режимінде жұмыс істейді. Медициналық қызметкерлермен тығыз қарым-қатынаста карантиндік іс-шараларға қатысады. Күн сайын жасаққа 12 мың полицей және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері түседі және біз үшін олардың әрқайсысының денсаулығы біз үшін маңызды. Мен түзеу мекемелерінің тігін цехтарында басқа өнімдермен қатар қорғаныс маскаларын дайындауды тапсырдым. Бұл бір жағынан осындай бұйымдарға деген сұранысты қамтамасыз етеді, екіншіден – біз сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етеміз, мұның да маңызы бар”, – деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік алаңдарында мыңнан астам тігін станоктары жұмыс істейді. Ішкі істер органдарының қызметкерлері пайдаланатын бір реттік, сонымен бірге көп рет қолданылатын медициналық маскаларын тігу жолға қойылды.

“Жақын арада біз барлық жеке құрамның қажеттілігін қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, сотталғандардың еңбекпен және еңбекақымен қамтамасыз етеміз, мұның да қазіргі уақытта маңызы бар”, – деп атап өтті ІІМ басшысы. 

түрме

24 мың масканың бірінші партиясы бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарға, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметкерлеріне берілетін болады. Жалпы ел бойынша бұл саланы өндірістік қуаты тәулігіне 50 мың масканы құрайды.



 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында мұқтаждарға азық-түлік үлестірмек болған кәсіпкердің басы дауға қалды

Ол өзінің рұқсат қағазы бар екенін атап өтті

Елде коронавирус жұқтырғандардың саны 650-ден асты

Тағы 22 адамның вирус жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан айықты

Елімізде коронавирусты тіркеудің 629 жағдайы расталды

"Әкем көре алмады": Әли Оқапов өміріндегі үлкен өкінішін айтты

Ол анасының қартайып бара жатқанын көру қиынға соғатынын мойындады

Алматының 20 тұрғыны көшеде себепсіз жүргені үшін қамауға алынды

Тағы 23 адамға айыппұл салынды

Маска кимей "Магнумға" кірмекші болған: Компания өкілі сатып алушымен төбелескен күзетшінің қылығын түсіндірді

Ірі супермаркеттер желісінің күзеті маскасыз кіргені үшін қала тұрғынына тап берген

Ақмола облысындағы қарттар үйінде коронавирустың өршуі тіркелді

Ақмолада 19 адамнан вирус анықталды

"Кей әншілердің жұлдыздық каприздері бар": Әншілермен жұмыс істейтін режиссер Мейрамбек Бесбаев жайлы

Режиссер: Мейрамбек аға өзге әншілер секілді емес, бәрін тез қабылдайды

Бұл екпені салдырғандар коронавируспен күресе алады: Дәрігер БЦЖ екпесінің коронавирусқа әсерін айтты

Ғалымдар: БЦЖ екпесін тұрақты қолданатын елдерде коронавируспен ауыратындар аз

Алматыда 7 сәуірден бастап барлық өткізу қағаздары мен жол жүру анықтамалары жойылады

Карантин кезеңінде жұмысын жалғастыратын кәсіпорындардың электрондық дерекқоры құрылды
Çàãðóçêà...