Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық түрмелерде қанша жасөспірім бар

2020 жылдың басындағы жағдай бойынша бас бостандығынан айыру орындарында 42 жасөспірім бар. Бұл туралы брифинг барысында ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының бастығы Әсет Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

түрмеОның айтуынша, 2014 жылдан бастап Қазақстанда кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны қысқарып келеді.

"Егер 2014 жылы кәмелетке толмағандар 3 533 қылмыс жасаса, 2015 жылы – 2 923, 2016 жылы – 3 291, 2017 жылы – 3 121, 2018 жылы – 2 920, 2019 жылы – 265 және осы жылы – 665 қылмыс жасалған", - деп хабарлады ІІМ басқармасының басшысы.

Әсет Оспанов, сондай-ақ, мәжілісте бала құқығын қорғау және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет туралы екі заң жобасы бар екенін хабарлады.

Екі заң жобасында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған нормативтік түзетулер пакеті де қарастырылған.

ІІМ өкілдері жазғы каникулдың басталуына байланысты ата-аналардан балаларды мұқият қадағалауын өтінді.

Республика бойынша полицейлер кәмелетке толмағандарға ішімдік, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, олардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде болу фактілерін анықтау үшін рейдтер жүргізеді.

Биыл 1500-ден астам кәсіпкер, 500-ге жуық ойын-сауық орындарының иелері және 20 мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр