Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Асланбек+Гүлайым": Қазақстандық турист Батумидегі сирек кездесетін бамбукты бүлдірді

Атырау тұрғыны Грузия астанасындағы әйгілі ботаника бағында серуендеп жүріп, сирек кездесетін бамбукты бүлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/grafinya_v_georgia

Қазақстандық турист бамбук діңіне “Асланбек+Гүлайым. Атырау” деп, қашап жазған. Отандасымыздың бұл әрекеті айналасындағы адамдар мен Ботаника бағы әкімшілігінің наразылығын тудырды. 

“Мен оны тоқтатуға тырыстым, бірақ ол еш қысылмастан әрекетін әрі қарай жалғастыра берді”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Ботаника бағының әкімшілігі қазақстандық туристің әрекетінен кейін көңілі қалғанын жеткізді. Олар Батумидегі бақ туристер арасында танымал орын ғана емес, сирек кездесетін өсімдіктер сақталатын алаң екенін атап өтті. 



100 гектардан астам аумақты алып жатқан Батумидегі ботаника бағы –  көптеген ерекше өсімдіктер түрлері сақталған әлемдегі ең үлкен саябақтардың бірі.

Бұған дейін Америкада қабырғаға “Атырау. Қазақстан” деп қашап жазған отандастарымыз сынға қалған еді. 

Талқылау