Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші жұптық сында "Челленджер" чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сында Ұлыбританияда өтіп жатқан "Челленджерде" жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Недовесов

Отандасымыз эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге ойын өткізді.

"Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Недовесов Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен жұптық сында "Челленджер" чемпионы атанды", – делінген хабарламада. 

Недовесов пен Гонсало америкалық Роберт Гэллоуэй мен аустралиялық Патрик Смиттің жұбын 2:6, 7:5, 11:9 есебімен жеңген. Матч 1 сағат 31 минутқа жалғасты. 

"Недовесов бұл маусымда үш рет финалға шықты. 18 маусымда Эскобармен бірге АТР 250 турнирінің финалында бақ сынады. Ал сәуірде португалиялық Франциско Кабралмен бірге Босния мен Герцоговинада өткен АТР 250 жарысының шешуші кезеңінде ұтылып қалды", – делінген ақпаратта. 

Назархан Уән
Сенбі, 24 Маусым, 2023 09:19