Қазақстандық теннисші "Уимблдон" турнирінің үш дүркін жеңімпазынан басым түсті
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева "Уимблдон" турнирінің үш дүркін жеңімпазын ұтып, келесі айналымға өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: WTA
Жақында ғана Ұлыбританияда өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанған Юлия Путинцева "Уимблдон" турнирінің екінші кезеңіне өтті. Отандасымыз "Үлкен дулыға" турнирлерінің үш дүркін жеңімпазы германиялық Анжелика Кербермен кездесіп, екі сетте 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Енді ол екінші айналымда чехиялық Катерина Синяковаға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирін жеңіспен бастағанын жазған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”