Қазақстандық теннисші америкалық азаматқа тұрмысқа шықты
Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева АҚШ азаматына тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қуанышты хабарды спортшы Instagram-да хабарлап, неке қию рәсімінен суреттерді жүктеді.
Қазақстандық теннисшінің таңдауы Джонатан деген азаматқа түсіпті. Жас жұбайлардың үйлену тойы АҚШ-та өтті.
Воскобоева күйеуімен танысқан сәтін еске алды. Сөзінше, ол Цинциннати турниріндегі жеңілістен кейін Нью-Йоркке ұшып кеткен.
"Ұшақ өте кішкентай болды және іші адамға толы еді. Менің қасымда ғана бір бос орын қалды, оған ешкім келмейді деп үміттенген едім, өйткені ол жерде чемоданым "отырды", бірақ ер адам келді... ол Джонатан еді. Біз бүкіл рейс бойы сөйлестік, содан кейін бір-бірімізден телефон нөмірін алмай кетіп қалдық...",- деді Воскобоева.
- Тойы Мальдив аралында өтті: Украиналық тележүргізуші қазақстандық кәсіпкерге тұрмысқа шықты (видео)
- Қазақстандық егіз спортшы бір күнде үйленді
Тек бір жылдан кейін ғана Джонатан Facebook-тен теннисшіге хат жазған, сол сәттен бастап олар сөйлесе бастаған. Бірақ пандемияға байланысты күйеу жігіт АҚШ-та, ал спортшы Ресейде болып, олар кездесе алмаған. 5 ай өткен соң Түркия ашылып, ғашықтар сол жерде кездескен.
Осы жылдың ақпан айында Галина Воскобоева Цинциннатиге барып, жұп неке қиған.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
