Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық танымал кәсіпкер Кеңес Рақышевтың өмірбаяны

Кеңес Рақышев – Қазақстандағы беделді кәсіпкерлердің бірі, қоғам қайраткері және меценат. Оның тәжірибесі көптеген ірі жобаны сәтті түрде жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Stan.kz Кеңес Рақышевтың өмірбаянын ұсынады. 

Қазақстандық танымал кәсіпкер Кеңес Рақышевтың өмірбаяны

Кеңес Хамитұлы Рақышев 1979 жылы Алматыда Хамит және Балжан Рақышевтардың отбасында дүниеге келген. Оның ата-анасының кім екенін қазақстандықтардың көбі біледі. Әкесі Хамит Рақышев – мемлекет және саясат қайраткері. Ол ұзақ жылдар бойы сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы болған. Cонымен қатар үкіметте, Тұтынушылар одағында және президент аппаратында лауазымды қызметтер атқарған. 

Ата-анасы ұлының болашағын ойлап, оған тамаша білім берді. Нәтижесінде Кеңес Хамитұлы Қазақстан мемлекеттік заң академиясын тәмамдап, Қазақ экономикалық университетінде білім алған. Сонымен қатар лондондық бизнес мектебі мен Оксфордта оқыған. 

Кеңес Рақышев өзінің еңбек жолын мемлекеттік қызметтерден бастаған. 1998-1999 жылдары ҚР ІІМ жол қозғалысы қауіпсіздігі қорында кеңесші болған. 2000 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ-та менеджер болып жұмыс істеген. Мұнан кейін 2020 жылға дейін акционерлік қоғамдастықтардың бірінің маркетинг бөлімінде басшылық еткен. Сонымен қатар «ҚазТрансГаз» АҚ-та сыртқы экономикалық байланыстар басқармасын басқарған. 2003 жылы «ҚазМұнай Газ» бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалған. Артынша «Меркурий» ЖШС-да вице-президент, басқарушы болып жұмыс істеген. 

2005 жылы Кеңес Рақышев Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті болып тағайындалып, бір жылдан кейін өнеркәсіп холдингінде директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2012 жылдан бастап «Атамекен одағы» қауымдастығының президиумының мүшесі, Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының басшысы болды. 

2014 жылдан бері Рақышев «Қазақстан Инжиниринг» АҚ-ның тәуелсіз басшысы болды. 2015 жылы «Казкоммерцбанктің» директорлар кеңесінің мүшесі атанды. Кеңес Хамитұлы Астарахань және Выборг кеме құрылысы зауыттарының директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2006 жылы кәсіпкер көлік құрылысы, құрылыс және металлургия салаларын қамтитын ұйымның басшылығына келді. 2013 жылы Central Asian Metals plc. компаниясымен табысты келісімшарт жасасты. Кәсіпкер холдинг акциясының 20 пайызын иеленіп, «Коунрад» бағалы қағаздарын екі есе көп ұсынды. Нәтижесінде ол америкалық және лондондық әлемдік қор биржаларында әрекет еткен Қазақстандағы алғашқы кәсіпкер болды. 2015 жылы Рақышев «Жетінші арнамен» келісімшарт жасады. 

2010 жылы Рақышев «Отан» қорында жұмыс істеді. Арада екі жыл өткеннен кейін «Республика» қорының акционері атанды. Мұнан кейін Standard сақтандыру ұйымының бағалы қағаздары Кеңес Хамитұлының еншісіне өтті. Ал 2013 жылы Рақышев «Астана-Финанс» банкінің акционері болды. Сонымен қатар ол – Magnum Cash & Carry инвесторы. 

Кеңес Хамитұлы америкалық Net Element холдингіне халықаралық биржаға шығуға көмектескен. Сонымен қатар Рақышев ресейлік ең ірі венчурлік қорлардың бірінің президиумының мүшесі атанды. Бір жылдан соң ол Genesis Angels аталатын халықаралық ұйымның негізін қалауға көмектесті. 2013 жылы Рақышев ресейлік IQcard жобасының ірі инвесторы атанып, 3,7 миллион доллар салды. 

Кеңес Рақышев Қазақстанда спорттың дамуын белсенді түрде қолдайды. Кәсіпкер басқаратын холдинг Қазақстандағы футбол және бокс федерацияларының ресми демеушісі болды. Сондай-ақ, ұйым Алматыдағы көптеген секция мен клубқа қолдау білдіріп отыр. Мысалы, Кеңес Хамитұлының бастамасының арқасында 2012 жылы холдинш жылдам шахмат және блицтан әлем чемпионатының бас демеушісі болды. Жарыс Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында өтті. 

Нұр-Сұлтан қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов бірінші орынды иеленіп, алтын жүлдеге ие болды. Рақышев оның жүлдесін толықтырып, жеңімпазға 15 миллион теңге сыйақы берді. Сонымен қатар күміс жүлдегер10 миллион теңгені иеленді. Және бапкерлер, дәрігер мен массаж жасаушыларға да қомақты сыйақы табысталды.

2004 жылы Рақышев Қазақстанның Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті атанды. Кеңес Хамитұлы – «Қазанат» кітабының қосалқы авторы. Кітапта еліміздегі жылқы шарушашылығының тарихы мен дамуы баяндалған. Ал «Бүркіт» аталатын тағы бір кітабы бүркітпен аң аулауға қатысты дәстүрлерге арналған. Кеңес Рақышев Қазақстанның бокс федерациясының вице-президенті және дәл осы спорт түрінен Азия конфедерациясының вице-президенті, Қазақстанның Дзюдо федерациясының басшысы болған. Ал 2019 жылдың қазан айында Кеңес Хамитұлы Қазақстанның бокс федерациясының басшысы болып тағайындалды. 

Кеңес Рақышев үйленген. Оның жұбайы Әсел Тасмағамбетова –Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың қызы. Ерлі-зайыпты Дінмұхаммед және Нұриддин есімді екі ұлды тәрбиелеп отыр.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 11 Қараша, 2019 14:08
Талқылау