Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық тағы бір балабақшада коронавирус табылды

Атырауда балабақша қызметкері коронавирус жұқтырғандақытан мекеме карантинге жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

балабақша

Бұл туралы Атырау қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі мәлім етті.  

"8 маусымда балабақшада таңертеңгі сағат 08.00-де жұмысқа рұқсат алу үшін температуралық тексерістен өткен қызметкердің дене қызуы болмаған. Алайда, респираторлық инфекция белгілері анықталған соң, ол жұмыстан жедел босатылған. Сол күні тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскелік дәрігер жедел респираторлық ауруды растап, қызметкерге еңбекке жарамсыздық парақшасын ашқан", - делінген ресми хабарламада.

11 маусымда қызметкердің коронавирус жұқытрғаны белгілі болыпты.

"Қазір балабақшада тәрбиеленушілерді қабылдау тоқтатылып, ғимаратты залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, барлық қызметкерден COVID-19 инфекциясына сынама алу жоспарланып отыр. Ал, науқаспен жақын байланыста болған тәрбиеленушілерден ПТР-тест сынамасын алу тұрғылықты мекенжайлары бойынша емханаларда жүргізіледі", - деп қосты білім беру бөлімінің өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда ашылғанына бір апта ғана болған қазақстандық балабақшадан коронавирус табылғаны анықталған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр