Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстандық студенттерге шетелде түсірілген фото мен видеоны желіге жүктеуге тыйым салынады": ІІМ хабарламасы қызу талқылануда

Қазнетте ҚР ІІМ шетелдегі студенттерге, оқушыларға, басқа елдерде өмір сүру сапасының жоғары екендігі туралы баяндайтын фото, видео және мәтіндік хабарларды жариялауға тыйым салуды жоспарлап отырғаны туралы жаңалық тарады.

Тақырыбында жоспарланып отырған тыйым туралы айтылған хабарлама алғаш рет qaznews24 Instagram-паблигінде жарық көрді. Сонымен қатар, парақшаның профилінде жарияланған жаңалықтардың барлығы жалған екендігі көрсетілген. 

"Сатиралық контент. Адамдармен және оқиғалармен болған кез келген сәйкестік – кездейсоқ жағдай", – делінген парақшаның сипаттамасында.

"Бұл хабарлама – шындыққа жанаспайтын сатира. Бұл ақпараттардың Казнет пайдаланушыларын қызықтыру үшін жазылғаны және ешқайсысының ақиқат еместігі белгілі. Мұны контент жасаушылардың өздері жоққа шығармайды.

Сатиралық аккаунттар жиі фейк дереккөзіне айналады, өйткені пайдаланушылар ақпараттың шығу тегін әрдайым тексере бермейді. Мұндай хабарламалардың авторына мұқият назар аударуға шақырамыз", - деді Stopfake.kz.

Талқылау