Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық студенттердің шетелде тағылымдамадан өтуіне рұқсат етілді

Студенттерге шетелдік тағылымдамадан өту іс-шарасы қайта басталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

студенттер

“Эпидемиологиялық жағдай нашарлап, құзырлы органның тиісті шешімі болған жағдайда қашықтан оқыту форматына көшу бойынша дайындығы пысықталуы тиіс. Университеттер офлайн режимнен онлайн форматқа ауыстыру бойынша арнаулы жоспар, яғни алгоритм дайындайтын болады. Жаңа оқу жылында білім алушылар үшін академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша білім алу және шетелдік тағылымдамалардан өту іс-шаралары қайта басталады деп жоспарлап отырмыз", – деді Қуаныш Ерғалиев.



Сондай-ақ ол студенттер арасында коронавирус індетіне қарсы вакцина алудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. 

“Сонымен қатар оқу ақысына немесе жатақханада тұру ақысына жеңілдіктер беріліп жатыр. Қызметкерлер үшін сыйақы және басқа да ынталандыру шаралары қабылдануда. Санитарлық нормаларды сақтауға ерекше назар аударылатын болады. Айта кету керек, көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сонымен бірге жылжымалы сабақ кестесін белгілеу жоспарланып отыр", – дейді вице-министр брифинг барысында.  

Айнұр Мұхади
Жұма, 27 Тамыз, 2021 17:14
Талқылау