Қазақстандық шенеунік екі жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде тұрып келген
Фото: Ru.freepik.com
Ақмола облысында өңірлік прокуратураның тексерісі барысында жергілікті шенеуніктің жетім балаға берілген пәтерде екі жыл бойы тұрып келгені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қадағалау органының қызметкерлері Ақмола облысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтарының басқа да бұзушылықтарын анықтады. Заң бойынша жетім балалар тұрғын үй алу кезегінде басымдыққа ие. Алайда мысалы, Көкшетауда бір жетім бала өтініш берген кезде оны ешқандай негізсіз кезекке қоюдан бас тартқан.
Тағы бір жағдай бойынша аудан орталықтарының бірінде жетім балаға тиесілі пәтерде мемлекеттік мекеме басшысы екі жыл бойы тұрып келген.
“42 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың тұрғын үй алу құқығы қалпына келтірілді”, – деді Ақмола облысы прокурорының көмекшісі Мақсат Сұрағанов.
Оның айтуынша, заңсыз берілген пәтерлерді қайтару, кезектен негізсіз шығарып тастау фактілерін жою, тұрғын үй алу бойынша өтініштерді қабылдау секілді бірқатар шаралар қабылданды.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
