Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық шахматшы нашар интернет салдарынан халықаралық турнирден шығып қалды

Гроссмейстер Динара Сәдуақасова нашар интернет салдарынан Polgar Challenge халықаралық турнирінен шығып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қымбатты достар, интернеттің тұрақсыздығынан Polgar Challenge турниріне қатысуды тоқтатуға мәжбүр екенімді өкінішпен хабарлаймын. Мен турнирге шахмат жағынан да, техникалық жағынан да дайындалдым. Бірақ мен ойнаған барлық жеті партияда үнемі интернетте проблемалар болды. Халықаралық гроссмейстер Lei Tingjie-мен өткен 7-турдың соңғы ойынында менде уақыт жағынан басымдық және ат эндшпилінде 3-те 2 артық жүріс болды, бірақ тұрақсыз интернетке байланысты мен уақытты кешіктірдім", - деді Сәдуақасова.

Ол әр партияда интернет жайлы көбірек ойлануға тура келгенін атап өтті.

"Мен үш провайдердің байланысын қолдандым, ештеңе көмектеспеді. Жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардан тағы да кешірім сұраймын", - деп қорытындылады шахматшы.

Гүлдана Қазтай
Сенбі, 10 Сәуір, 2021 17:58
Талқылау