Басты жаңалықтар
Қазақстандық сегіз дзюдошы Душанбе қаласындағы Grand Slam турниріне қатысады
Фото: Stan.kz
Қазақстандық сегіз дзюдошы Душанбе қаласындағы Grand Slam турниріне қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның дзюдо құрамасы Тәжікстан астанасы – Душанбе қаласында 1–3 мамыр аралығында өтетін беделді Grand Slam сериялы халықаралық турниріне қатысады.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, еліміздің намысын келесі сегіз спортшы қорғайды:
-
Әбиба Әбужақынова (48 кг)
-
Алдияр Қарағұлов (60 кг)
-
Нұрмұхаммет Ботабай (66 кг)
-
Ықылас Әлсейт (73 кг)
-
Ансарбек Ғайнуллин (73 кг)
-
Досхан Жолжақсынов (81 кг)
-
Ермұхан Естай (100 кг)
-
Мұхаммедәлі Мәулідов (100 кг)
Аталған турнирге әлемнің әр түкпірінен 200-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Бұл жарыс – дзюдо күнтізбесіндегі ең маңызды жарыстардың бірі.
Талқылау