Қазақстандық ер адам қолдан ішімдік дайындап, оны элиталы алкоголь ретінде сатқан

Екібастұзда ер адам ішімдікті жасырын сатып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция қызметкерлері өз үйінде жасырын алкоголь жасап келген жергілікті тұрғынды ұстады.
“Тексеру кезінде бөлмеден 139 бөтелке белгісіз сұйықтық, 288 литр сыраға ұқсас зат, 10 шыны колба, алкоголь өнімдерін және спирт жасауға арналған жабдық табылып, тәркіленді”, – деп мәлімдеді Екібастұз полиция басқармасының бастығы Толеген Құдайбергенов.
Оның айтуынша, өнімдердің сыртына танымал брендтердің жапсырмаларын жабыстырған. Бірақ акциздік маркалары жоқ болып шықты. Тәркіленген алкоголь сараптамаға жіберілді, нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
300 млн теңге пайда тапқан: Шымкентте қолдан ішімдік жасап сатқан ерлі-зайыпты ұсталды
Полиция алкоголь өнімдерін заңсыз жасау, сондай-ақ оны өндіруге арналған жабдықты сақтау заңға қайшы әрекет екенін және құқықтық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды