Қазақстандық премьер-министрлер осы уақытқа дейін Ұлттық қордан қанша қаражат алғаны анықталды
Әлихан Смайылов Үкіметі Ұлттық қордан 4,6 трлн теңге сұратқан. Болашақ ұрпаққа да бірдеңе қалсын деп талай айтылғанымен, бюджеттің жыртығын қор қаражатымен жамау 2000 жылдан бері трендте. Қай премьер-министр Ұлттық қордан қанша қаражат алғаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.
“Ұлттық қордан жасалған трансферттер 2020 жылы 4.8 триллион теңгені, ал 2021 жылы 4.5 триллион теңгені құрады. Биыл Үкімет тағы да 4.6 триллион теңге сұратып отыр. Бұл – өте қомақты қаржы. Республикалық бюджет Ұлттық қордың қаражатын пайдалануға сүйенбеуі керек”, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев үкімет есебін тыңдаған да осылай айтқан болатын.
Экономист Мақсат Халық қордағы қаражаттың ай кезде тез жинақталатынын айтты.
“Тағы бір зерттеу жасағанда айтқан болатын, Ұлттық қордың көлемі ЖІӨ шаққан кезде 30 пайыздан азаймауы керек. Егер 30 пайыздан төмендеп кететін болса, Ұлттық қор бірден жоғалуға қарай бет алады. Оның бірден түбі көріне бастайды деген сөз. Қазіргі уақытта қарасақ, біз 30 пайыз шегіне жақын тұрмыз. Шамамен 200 млрд доллар жинақтауға қарай ұмтылуымыз керек. Сол кезде бұл қаражат тез жинақталады”, – дейді экономист Мақсат Халық.
- Арыс қаласындағы жарылыстан соң қайырымдылық қорынан 80 миллион жымқырған: Экс-әкім түрмеден босатылады
- Бір доллар үшін мың теңге: Экономист теңгенің долларға шаққандағы шынайы бағамын атады
Қордың іргесі сонау 2007 жылдары сөгілген. 2007-2012 жылдар аралығында қордың шығыны 6,2 триллион теңгеге жеткен. Бұл кезде премьер-министр Кәрім Мәсімов болған.
Ал Серік Ахметов премьер-министр болып тұрған тұста 2012-2014 жылдары қор шығыны 3,2 триллион теңге болған. 2014-2016 жылдары 5,33 трлн, ал Бақытжан Сағынтаев тұсында 2017-2019 жылдары 11 трлн теңге шыққан.
Ал 2019-2021 жылы Асқар Мамин тұсында қордан 11,3 трлн теңге шығын кетіп, Мамин ел тарихында ұлттық қорды ең көп жұмсаған премьер ретінде қалды.
Жақында Есеп комитеті Ұлттық қордың шығындарына жүргізілген тексеріс нәтижелерін жариялады. Нәтижесінде 9 млрд теңге желге ұшқаны анықталды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
