Қазақстандық министрлер референдумда дауыс беріп үлгерді

Жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты референдумға ел министрлері де қатысып үлгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алғашқылардың бірі болып экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев берді.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов референдумға қатысып, өз сайлау учаскесінде дауыс берді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Арынов республикалық референдумда дауыс беруге қатысты. ТЖМ басшысы Астанадағы ҚР Президенттік орталығында орналасқан № 176 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев nt референдумға қатысып, өз сайлау учаскесінде дауыс берді.

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов та әскери киіммен келіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша өткен республикалық референдумда дауыс беруге қатысты.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова да сайлау учаскесінен көрініп, референдумда дауыс берген.

"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?