Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Түркиядағы турнирде үшінші орынға ие болды
Қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық дайындау орталығының 17 жастағы мәнерлеп сырғанаушысы София Фарафонова "Эфес кубогы-2024" халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/cop_zvs
22-28 қаңтар аралығында Түркияның Измир мұз айдынында жыл сайынғы дәстүрлі "Эфес кубогы" жарысы өтті. Бұл халықаралық турнирге 15 елден мәнерлеп сырғанаушылар қатысты.
- Australian Open Елена Рыбакинаның тартысын "ең үздік матч" деп атады
- Сарапшы Жәнібек Әлімханұлына 43-0 рекордсменімен жекпе-жекке шығуды ұсынды
Түркиядағы жарыста Литва спортшысы Александра Головкина бірінші орын алды, ал күміс медаль Молдовадан келген мәнерлеп сырғанаушы Анастасия Грачеваға бұйырды. Ал қазақстандық София Фарафонова үшінші орын алды.
Бұған дейін "Астана" мен "Ақтөбе" футболшыларының қанша жалақы алатыны туралы жазған едік.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді