Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Астана" мен "Ақтөбе" футболшылары қанша жалақы алатыны белгілі болды

Беларусьтің Tribuna.com басылымы Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін кейбір футболшылардың жалақысын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: sports.ru

Өткен маусымда Қазақстандағы ең жоғары жалақы алған беларусь ойыншысы "Астананың" жартылай қорғаушысы Макс Эбонг екені аталды. Оның астаналық клубтағы жалақысы 15-17 мың доллар шамасында болған. Беларусь-2023 үздік футболшысы оқу-жаттығу жиынында "Астанамен" жұмыс істеуі мүмкін. Алайда оның клубпен келісімшарты жоқ.



Кезінде Беларуссияда "Днепр", "Рух" және "Динамо Брест" командаларында ойнаған камерундық қорғаушы Габи Кики қаңтар айынан бастап "Шериф" командасынан "Ақтөбеге" 20 мың доллар жалақыға ауысты. 

Айта кетейік, Эбонг "Астана" сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді. Өткен маусымда ол барлық турнирде 36 матч өткізіп, үш нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан чемпионаты әлемдік футбол рейтингінде 50 саты жоғарылағаны туралы жазған едік. 

Талқылау