Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиада ойындарының финалына жолдама алды

XXV қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Софья Самоделкина қысқа бағдарламада сынға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол жарыс барысында сәтті өнер көрсетіп, 68,47 ұпай еншіледі. Бұл Софья Самоделкинаның мансабындағы ең жоғары жеке рекордтық көрсеткіші.
Нәтижесінде ол жалпы есепте 12-орынға тұрақтап, еркін бағдарламада өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Ал қысқа бағдарламада көш басына Ами Накай 78,71 ұпаймен шықты. Екінші орынды тағы бір жапониялық спортшы Каори Сакамото иеленді 77,23 ұпай. Үздік үштікті 76,59 ұпаймен америкалық Алиса Лью түйіндеді.
Әйелдер арасындағы жекелей сындағы еркін бағдарлама 19 ақпанда өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық жас спортшы Михаил Шайдоров топ жарып, Олимпиада чемпионы атанған еді.
Бұл Қазақстан қоржынына 32 жылдан кейін түскен тарихи алтын жүлде.
Бұған дейін 1994 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан Владимир Смирнов қысқы Олимпиадада Қазақстанға алғашқы алтынды сыйлаған болатын.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады