Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда үйінді астынан екі баласы мен әкесін 20 сағатта әрең шығарған

Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан 76 сағат бойы өз бетімен шыға алмаған әкені екі баласымен қоса алып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің басшысы Бауыржан Арыстанбаев әріптестерімен бірге көпқабатты үйден зардап шеккендерді іздеп жатқан.

"Үйінділер астында адамдардың барын бірінші болып Ерік Берлыбековтің адал досы Джейкоб байқады. Осыдан кейін біздің құтқарушылар акустикалық аппараттың көмегімен орынды тыңдап, қолмен ұстайтын электр құралдары – қоршаулар, гидравликалық құтқару құралдарымен зардап шеккендерге жол аша бастады", – делінген хабарламада.

Өмірлеріне қауіпті жағдайда 20 сағат бойы жұмыс істеген құтқарушылар әке мен оның екі баласын үйінді астынан алып шықты.

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылардың үлкен тәжірибесі бар екенін, олардың барлығы әртүрлі күрделі іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқанын атап өтті.

"Үйінді астындағы адамдарды әлі де болса құтқару мүмкін болып тұрған бұл күндері әр минут маңызды. Сондықтан құтқару жұмыстары бір минут та тоқтамайды, біз тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз. Біздің бірінші міндетіміз адамдарды құтқару", - дейді құтқарушы Рахат Піржанов. .

Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстары басталғалы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары ғимараттардың қирандылары астынан қаза тапқан 85 адамның мәйітін шығарды, оның ішінде 10 бала, жеті адамды құтқарды. Қазақстандық құтқарушылар Түркияның екі қаласында жұмысын жалғастыруда.

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 14 Ақпан, 2023 21:15
Талқылау