Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық кинотеатрлардың иелері қосымша құн салығын төлеуден босатуды сұрады

Қазақстанда кинотеатрлардың иелері қосылған құн салығын төлеуден босатуды сұрап отыр, себебі бұл ең үлкен салық жарнасы. Мұндай шара, олардың айтуынша, саланың күйреуіне жол бермейді.  Бұған дейін қазақстандық кинотеатрларға салық жеңілдіктері берілген еді. 2020 жылдың соңына дейін олар жеке және әлеуметтік табыс салықтарынан, сондай-ақ міндетті зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік медициналық сақтандырудан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар24" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кинотеатр иелері қауымдастығының мәліметтері бойынша, мемлекет тарапынан қолдау сезіледі, бірақ бұл жеткіліксіз. Қауымдастық өкілдері "Атамекен" ұлттық палатасынан үкімет алдында кинотеатрлар иелерін ҚҚС төлеуден босату туралы ұсыныс жасауды сұраған.

Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстан кинотеатрлары иелерінің қауымдастығы бизнес банкротқа ұшырау алдында тұр деп мәлімдеді. Болжам бойынша, төтенше жағдай режимі мен карантин кезінде олар алынбаған кірістер түрінде 10-нан 15 миллиард теңгеге дейін жоғалтты.

19 қазанда мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова кинотеатрлардың шығыны 20 миллиард теңгеге жуықтағанын (47,6 миллион доллар) хабарлады.

Еске сала кетейік, 26 қазаннан бастап Қазақстандағы кинотеатрлар өз жұмысын қайта бастайды. Мұндай шешімді жақында ведомствоаралық комиссия қабылдады.

Залдардың толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс. Сонымен қатар, көрермендер барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауы керек.

Кинотеатрлардың ашылуына тек "жасыл" аймаққа кіретін қалалар мен аудандарда ғана рұқсат етілген.

Талқылау