Қазақстандық ғалым Париждегі кітапханадан қазақ тарихына қатысты құнды қолжазбалар тауып алғанын айтты
Фото: сюжет кадрларынан скрин
Францияның Париж қаласындағы Ұлттық кітапханада қазақстандық тарихшылар үшін үлкен ғылыми қызығушылық тудыратын қолжазбалар табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24KZ порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің аға оқытушысы, шығыстанушы ғалым Ғалия Камбарбекованың айтуынша, ол араб, түрік, парсы және шағатай тілдеріндегі қолжазбалардан қазақ халқының тарихына қатысты мәліметтер тапқан. Атап айтқанда, бұл тарихи шежірелер, ресми құжаттар, сенім грамоталары мен қазақ хандарының ресми хат алмасуылары.
Камбарбекованың айтуынша, Франция – әлемдегі ең бай қолжазба қорына ие елдердің бірі. Ол қорлар арнайы сұрау арқылы беріледі. Алайда көне жазуларды оқу мен аудару – күрделі жұмыс. Қолжазбалардың көбі бұған дейін қазақстандық ғалымдар тарапынан зерттелмеген.
Ғылыми жобаның аясында филолог-зерттеуші Тәуке хан, Тәуекел хан, Түркістан тарихына қатысты жаңа деректерді анықтаған.
-
Заңсыз қызмет көрсетіп жүрген гидтер Қазақстанды секс-туризм орталығына айналдырды – Депутат
-
Қазақстан әлемдік бейбітсүйгіштік рейтингінде бес сатыға көтерілді
"Кейбір ғалымдардың еңбектерін зерттей отырып, Орта Азияға қатысты атаулар кездесетін үш ірі еңбекті таптым. Соның бірі – Дүниежүзілік тарих деп аталады. Бұл еңбекте мұсылман әлемінің ғалымдары Тәуекел ханның Бұхараға жасаған соңғы жорығын сипаттайды. Сондай-ақ оның інісі сұлтан Есімнің үлкен шайқас жүргізгені, одан кейін Ташкент пен Түркістанда орын алған тарихи оқиғалар туралы айтылады. Бұл дерек біздің ғылыми айналымда бұрын-соңды айтылған емес", – дейді Ғалия Камбарбекова.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
