Қазақстандық файтер бахрейндік қарсыласына есе жіберді
Алматыда аралас жекпе-жектен Octagon 35 және Brave CF 62 турнирінде кештің басты жекпе-жегі өтті. Мұнда қазақстандық боксшы Бауыржан Қуанышбаев (13-4) мен бахрейндік Магомед Магомедов (9-0) жұдырықтасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл жекпе-жекте спортшылар Octagon бойынша жартылай орта салмақтағы белбеу үшін сайысқа түсті. Чемпиондық белбеу Қуанышбаевтың қолында еді. Чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек бес раундқа созылуы керек деп есептелген. Бірауыздан қабылданған шешім бойынша кездесу Магомедовтың жеңісімен аяқталды.
Осылайша Магомед Магомедов спорт мансабындағы оныншы жеңісіне қол жеткізіп, Octagon-ның жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионы атанды, ал Бауыржан Қуанышбаев кәсіпқой ММА-да бесінші рет жеңіліске ұшырады.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”